Электронды дүкендердегі сауда былтыр 33 пайызға артқан. Ел азаматтары түрлі маркетплейстерде 50 миллион рет сауда жасаған. Жұмсалған қаржы 1 триллион 300 миллиард теңге.
Статистикаға сәйкес, тіпті, азық-түлік пен дәрі-дәрмектің өзін онлайн тапсырыс беріп, үйге алдыртатындар 5 есе көбейген. Мамандар электронды сауданың артуы заман талабы ғана емес, елдегі цифрлық жүйенің жоғары деңгейде дамып жатқанын көрсетеді,- дейді.