Энергетика министрлігінің жаңа басшысы Алмасадам Сатқалиев жылу тарифі үкімет бекіткен инфляция деңгейіне сәйкес өсетінін мәлімдеді. Айтуынша, қазір еліміз бойынша энергия өндіретін жабдықтар орташа есеппен 67 пайызға тозған.
Энергия жүйесін қалпына келтіру және экономика өсімінің қарқынын ұстап тұру үшін жаңа энергия көздерін салу қажет. Тариф көтеріледі, бірақ үкімет белгілеген инфляция деңгейіне және тиісті мемлекеттік органдар бекіткен энергия нысандарының инвестициялық бағдарламаларына сәйкес өседі.
Ол экономикалық параметрлерді пайдаланып, энергия субъектілерінің шығынын барынша оңтайландырып, есептеу жұмыстарын жүргізіп, объективті тариф ұсынылатынын айтты.