1 айда 109 нөмеріне 27 мың шағым келіп түскен

31

109 колл орталығына наурыз айында 27 347 арыз-шағым түскен. Қазір оның 93,5%-ы орындалды.

Ал қалғаны жауапты мекеме тарапынан орындалып жатыр. 19 473 мәселе дер кезінде шешімін тапты. Қала тұрғындары қалдырған шағымның басым бөлігі газ, жол құрылысы, жер қатынастарына байланысты келіп түскен.

Сонымен қатар, 200-ше тарта тұрғын өз проблемасын әлеуметтік желі арқылы жеткізді.