13 жастағы оқушы көлік жөндейді

55

Келес ауданы №25 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Ергешәлі Бақдаулет автокөліктердің моторын толық жөндеп ғана қоймай, көлікке дабыл жүйесін, магнитофон орната алады. Кішкентай моторист 5-сыныптан бастап көлік жөндеуге қызыққан. Әкесінің қасында жүріп біліктілігін арттырып жүрге оқушы болашақта ІТ маман болғысы келеді.

– Менің әкем көп жылдан бері автокөліктерді жөндейді, әкемнің қасында жүріп көліктерді жөндеуге қызықтым. Ең алдымен көлік бөлшектерімен танысып, аттарын жаттадым. Қазір келушілерге автоэлектрик ретінде де көмек көрсетемін. Маған осы жұмысым ұнайды. Аптасына 20 мыңдай табыс табамын. Оқуыма да үлгеріп жүрмін. Сыныптастарым да бұған қызығуда,- дейді жас шебер.
Көлік иелері де жас баланы танып қалған. Оған көліктерін жөндеуге берушілермен қатар, іздеп келушілер де көбейген. Айта кету керек, Бақдәулеттің ата-анасы отбасында 4 бала тәрбиелеп отыр.