138 мың мүмкіндігі шектеулі азамат әлеуқызмет порталына жүгінген

43

Биыл 138 мыңнан астам мүгедектігі бар адам әлеуметтік қызметтер порталын қолданған. Бұл туралы Еңбек министрлігі хабарлады. Оның 107,3 мыңы оңалту техника құралдарын, 6,1 мыңы ымдау тілі қызметін, 25 мыңы жеке көмекші қызметін алған.

Порталдағы оңалту құралдарына протез-ортопедия, сурдотехника, тифлотехника және гигиена құралдары, кресло-арбалар жатады.

Айта кетейік, көмек түріне тапсырыс беру үшін қызмет алушының электрон цифрлық қолтаңбасы керек. Портал туралы ақпаратты 1414 бірыңғай нөмірі арқылы білуге болады.