«Дипломмен ауылға» жобасына өтінішті енді онлайн беруге болады. Бұл туралы «Отбасы банк» баспасөз қызметі хабарлады.
Жоба шеңберінде қазақстандықтар 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға үміткер бола алады. Өтінім otbasybank.kz порталы арқылы қабылданады. Несие шарты бойынша ең жоғары 1500 АЕК көлеміндегі қаражат 15 жылға дейін 0,01% мөлшерлемемен беріледі.
Ал жобаға қатысушы ол қаржыға жұмыс істейтін жерде тұрғын үй алуы қажет. Сондай-ақ ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі міндетті.