Алакөлге қатынайтын пойыздардың саны артады

31

Биыл қайда барып демаласыз? Алакөлге барамын деп шешсеңіз,  пойыздардағы жолаушы орындарының саны  ағымдағы  жылы жазғы туристік маусымға өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% өседі.

Жолаушыларға  биыл 276 мыңнан астам орын ұсынылуда. Алакөл бағытында жолаушылар пойыздары Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 бағыт бойынша жүруді жалғастырады.
Алғаш рет «Астана – Достық» бағыты бойынша «Тальго» пойызы іске қосылады. Қазіргі уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ әкімдіктермен, авиатасымалдаушылармен және туроператорлармен бірлесіп Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан Алакөлге дейін интермодальдық тасымалдарды (көліктің екі немесе одан да көп түрі) қалыптастыру мүмкіндігін қарастыруда.