Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 7 түріне баға төмендеді

22
Мерекелік дастарханға қойылар азық-түліктің бағасы да біршама өскені байқалды

Бірінші тоқсанның соңғы айында, яғни  наурызда  әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 7 түріне баға төмендеді.

Картоптың 1-келісі 55 теңгеден сатылды

Ranking.kz порталының мәліметінше, наурыздың соңғы аптасында картоп (07 пайыз), пияз (0,3), қырыққабат (0,1) қарақұмық (1,3), күнбағыс майы (1,1), қант (0,8) және құс еті (0,4) арзандады.

Керісінше,  бірінші сұрыпты ұн, одан дайындалған нан, майлылығы 2,5 пайызды құрайтын сүт бағасы өзгерген жоқ.

Былтырғы осы кезеңде  жағдай мүлдем басқаша болатын. Ол кезде картоп бағасы – 2,6, сәбіз – 3,9, пияз – 12,2, ал қант 35 пайызға қымбаттаған еді. Ал  ағымдағы жылы азық-түлік бағасының төмендеуіне тұрақтандыру қорларындағы өнімдердің саудаға шығарылуы септігін тигізіп отыр.

Нәтижесінде, наурызда айлық инфляцияның жалпы деңгейі 0,9 пайызға төмендеді. Бұл 2022 жылдың ақпанына бергі тұтынушылық баға өсімінің ең төменгі айлық көрсеткіші саналады. Соған орай жылдық инфляция қарқыны да осы жылдың наурызында ақпандағы 21,3 және қаңтардағы 20,7 пайызға қарағанда 18,1 пайызға дейін баяулады.