Ақпанда қазақстандықтар 715 млрд теңгенің кредитін, 93 млрд теңгенің ипотекасын алған

53
фото Елорда

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің  мәліметіне сүйенсек, ақпан айында қазақстандықтар 715 млрд теңгенің тұтыну кредитін, 93 млрд теңгенің ипотекасын алған.

«2023 жылғы ақпанда жеке тұлғаларға берілген кредиттер 1%, яғни, 14 402 млрд. теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 1,7% өскен). Бұл ретте ипотекалық қарыздар 1,1%, яғни, 4 803 млрд теңгеге дейін өсті. Тұтынушылық кредиттер 0,6% немесе 7 791 млрд теңгеге дейін ұлғайды»,- деп жазылған құжатта.

Агенттік мәліметі бойынша, ақпанда жеке тұлғаларға 880 млрд теңгенің жаңа несиелері берілген. Бұл 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5,1% көп.

Тұтынушылық мақсаттарға 715 млрд теңге берілген, бұл 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 3,7% көп. Ипотекалық қарыздар – 93 млрд теңге, 2023 жылғы қаңтардан 12,2% көп.

«2023 жылғы ақпанда банктен тыс заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 19,5% болды», – делінген құжатта.