Шымкентте авиажолаушы аса қауіпті инфекцияны әкелген кезде шұғыл, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында оқу жаттығу жиыны өтті. Шараның мақсаты әуе кемесінде науқас анықталған жағдайда әуежайдың барлық жұмылдырылған қызметкерлерінің эпидемияға қарсы іс-әрекетін бағалау. Мамандар жиын барысында «Тырысықақ» ауруы табылған жағдайда қалай әрекет ету қажеттігін пысықтады.
Стамбұлдан Шымкентке бағыт алған ұшақта авиажолаушы диарея бойынша шағымданған. Бірден тексеріс жүргізген санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары азаматшадан «Тырысқақ» ауруын анықтап, оны бірден оқшаулады. Жалпы аурудың алғашқы белгілері температураның төмендеуі, қалтырау мен әлсіздік.
Бірақ бұл сақтық шаралары. Шымкент қаласы бойынша санитарлық-карантиндік бақылау бөлімі әуе кемесінде инфекциялық ауру табылған жағдайда қызметкерлерлер қалай жұмыс істеу керектігін пысықтау мақсатында оқу жаттығу-жиынын өткізді. Жауаптылардың сөзінше, әуежайда профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар күнделікті жүргізіліп отырады.
Гарибжан Алиев, Шымкент халықаралық әуежайы, санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің жетекші маманы: «Бізге күнде Шымкент қаласына 3 рейс шетелден ұшақтар келеді. Оның ішінде Түркия, Индия, Египет, Араб елдерінен келеді. Біз ұшақтар қонған соң, оларды тексерістен өткіземіз».
Жалпы, санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің қызметкерлері соңғы рет Вьетнамнан келген азаматтан инфекциялық ауру анықтаған. Ол кезде қызметкерлер бірден жедел топ мамандарын шақыртып, ауруды оқшаулау арқылы оның таралуына жол бермепті.
«Өткен жылы бізде бір Ветнам мемлекетінен келгендердің арасынан ауру анықталды. Біз тез арада іс-шаралар көріп, оқшаулап, әрі қарай таралуына жол бермедік. Ол бізде симптомы жоқ короновирус ауруы болды»,-дейді жетекші маман.
Айта кетейік, мамандар мұндай жағдайға дайын болу үшін әр жыл сайын оқу-жаттығу жиыны жиі ұйымдастырылып отырады.