«Бейбарыс Сұлтанның ерлігі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті

665

Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдық мерейтойын атап өту жөніндегі іс шаралар жоспары барысында «Бейбарыс Сұлтанның ерлігі» тақырыбында тәрбие сағатын Әл-Фараби кітіпханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балалардың көркем әдеби кітаптарды оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында 7 «Б», «Д», «Е» сыныптарымен тарих пәнінің ұстаздары Садыкова Данель Нұрсағатқызы және Жандарбекова Айнаш Қанатқызының ұйымдастыруларымен атап өтілді.

Аталмыш шараның мақсаты — оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың жасалу жолы туралы түсінік беру, Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдық мерейтойын атап өту барысында тарихи тұлғаның өмірбаянымен, ерлігімен таныстыру, кітапханаға саяхат барысында оқушының зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту, оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады.
Әл-Фараби кітапханасына саяхат барысында оқушылар кітапхананың ішкі тәртібімен танысты. Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдық мерейтойын атап өту барысында «Бейбарыс Сұлтанның ерлігі» тақырыбында тәрбие сағатын кітапхананың оқу залында тарих пәнінің ұстаздарымен бірлесіп кітапхана қызметкерлері де оқушыларға Каир қаласындағы Бейбарыс Сұлтанның мешітінің сәулет өнерімен таныстыру презентациясын көрсете отырып түсіндірді.
Бейбарыс -Әл-Мансури Әл-Мысридың тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылыққа толы болған. Оқушылар билік ету тұсындағы оқиғалары туралы пікірталас жасады, мақал-мәтелдер айтып жарысты.
Соңғы әлетте елімізде білім беру саласын дамытуға мемлекет тарапынан барынша қолай­лы жағдайлар жасалуда. Бұл өз кезегінде білім саласының қарыштап дамып,  кеңге қанат жаю­ы­на жол ашпақ. Өйткені сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәр­­биелеу болашаққа жасалған бас­ты инвестиция екендігі белгілі. Соған орай оқушыларға тек пәндік білім беріп қана қоймай, барынша жан жақты рухани тәрбие беру де басты талаптардың бірі.