Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің шекті бағасын көтеру туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Құжатқа сәйкес, бағаларды мемлекеттік реттеуге жататын стационарлық автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы бұрынғы бұйрыққа өзгеріс енгізіледі. Айтулы өзгеріске сай, бензин мен дизельдің бағасы едуір қымбаттайды.
Шымкент қаласындағы жанар-жағармай бекеттерінің біріндегі жағдай. Айта кетейік, бұл таңғы уақыттағы кезекшілік ауысымды тапсыру кезеңі. Кезек күту біз үшін үйреншікті жәйт, тек өнім болса болғаны дейді кезегін тағатсыздана күткен көлік жүргізушілері. Ағажан Моладағалиев дизельдің тапшылығы әбден мезі етті. Оған бағаның көтерілуі жығылғанға жұдырық болды дейді.
Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің шекті бағасын көтеру туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Құжатқа сәйкес, бағаларды мемлекеттік реттеуге жататын стационарлық автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы бұрынғы бұйрыққа өзгеріс енгізіледі.
АИ-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;
АИ-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 205 теңге;
дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 450 теңге;
Жаңа бұйрық бойынша Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен көлік иесі тәулігіне 100 литрге дейін дизель отынын құйып ала алады. Бағасы 1 литр үшін 295 теңге болмақ. Ал жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен жағдайда тәулігіне 300 литрді 295 теңгеге құйып алуға болады.
Мамандардың сөзінше, бензин мен дизель тапшылығының алдын алу мақсатында Энергетика министрлігімен қолға алынған шара халықты тығырыққа тіреуі мүмкін. Себебі, сұйық отын құнының қымбаттауы мен оның тапшылығы, әр жыл сайын көктемде қайталанатын құбылыс, дейді тұрғындар.
Нұржан Өмірбеков, Шымкент қаласының тұрғыны: «Министрлік жанармайға бағаны көтерсе де, көтермесе де, жыл сайын көктем, күзде болатын жағдай. Келесі аптадан бастап бензин – 205 теңге, дизельдің 1 литрі -295 теңгеден сатылса, халыққа қиын болатын болды».
Ал үкімет басшысы бұл өзгеріс туралы ойын, «мұндай қадамға баруға мәжбүрміз» деп түйді. Десе де, бұл жаңашылдықтың себебі қандай болғанмен, салдарын кімнің көрері айтпаса да анық.