Білім саласында 14 мыңдай маман жетіспейді

82

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  жұмыс іздейтін азаматтар саны күрт азайғанын хабарлады.  Мәселен, өткен айда электронды еңбек биржасында жарияланған түйіндемелер саны 35 пайызға кеміген. Зерттеу нәтижесі бойынша, жұмыс берушілер тарапынан да жұмысшыларға деген сұраныс 3 пайызға азайып отыр.

Ал ең тапшы мамандар тізімі өзгеріссіз. Қазір білім саласында 14 мыңдай маман жетіспейді. Ал денсаулық сақтау саласына дәрігер, мейірбике секілді үш жарым мыңға жуық кадр қажет. Сондай-ақ жүргізуші, тәрбиеші мен күзетшілерге сұраныс бар.