Биыл 10 мыңнан астам пәтер баспана кезегінде тұрған адамдарға жалға беріледі

73

Қазақстанда жалдамалы пәтердің ақысын субсидиялау жүйесі айтарлықтай нәтиже бермеді. Сол себепті бюджет қаржысының бір бөлігіне дайын баспаналар сатып алуға шешім қабылданды.

Биыл 10 мыңнан астам пәтер баспана кезегінде тұрған адамдарға жалға беріледі. Оған барлығы 102,7 миллиард теңге жұмсалады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 40 миллиард теңге республикалық бюджеттен алынса, 62,7 миллиард теңге ұлттық қордан аударылады.

Бүгінде әрбір өңірдің жалдамалы пәтерлерді сатып алу жоспары бар. Шымкентте 505 пәтер  сатып алынады. Олар баспана кезегінде тұрған азаматтарға жалға беріледі.