Өткен демалыс күндері Кентауда үш қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға 1 сәуір күні сағат 22:00-де болған. 101 пультіне үш қабатты тұрғын үйдің шатырында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Өрт аумағы 4 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен төрт техникасы шықты. Оқиға орнынан 50 адам эвакуацияланды, оның 10-ы балалар.
Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығын анықталуда.