Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» диспетчерлік басқару пультіне кеше сағат 16:32-де Әль-Фараби ауданы, Д.Қонаев даңғылы бойында орналасқан 11 қабатты тұрғын үйде өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына алғашқы келген өрт сөндіру бөлімдері көп қабатты тұрғын үйдің 6-қабатында көлемі 3 ш.м. балкон қаптамасы жанғандығын анықтады.
Өрт сағат 16:42-де оқшауланып, сағат 16:50-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің 14 қызметкері мен 4 дана техникасы жұмылдырылды.