Мектептегі оқу жоспарына өзгерістер енгізілмек

421

ҚР Оқу-ағарту министрлігі бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру үлгілік оқу жоспарларына енгізілетін өзгерістерді дайындады. Тиісті бұйрық 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылаудан өту үшін «Ашық НҚА» сайтында жарияланған.

Құжат жобасында 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап екінші сыныпта «Шетел тілі» пәні алынып тасталып, «Көркем еңбек» пәнінің орнына «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» сабақтары қосылады деп жазылған.
Бұл ретте 10-11-сыныптарда оқу жүктемесі қысқартылған үлгілік оқу жоспарларында «Шетел тілі» пәні бойынша сағат саны 1 сағатқа артады.
«Нәтижесінде 11 жылдық білім беру шеңберінде оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс қазақстандық білім беру жүйесін білім берудің халықаралық стандарттық жіктемесі деңгейіне жеткізеді және мектеп түлектеріне Еуропалық біліктілік шеңберінің қажетті деңгейлерін меңгеруге мүмкіндік береді», – деп жазылған құжатта.