Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев және Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновпен бекітілген 2023-2029 жылдарға арналған «Жол картасындағы» тапсырмаларды орындау үшін «Мобильді мұғалім» жобасы аясында «Педагогикалық идея» республикалық конкурсқа қатысқан мұғалімдердің тәжірибесі мен әдістерінің қолданудың тиімділігі» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.
Білімді, тәжірибесі мол мұғалім саналы да сапалы оқушы тәрбиелейді. Ұстаз мықты болса, оқушы да білімді болады. Сондықтан да мұғалімдердің білімін жетілдіру, біліктілігін арттыру күн тәртібінен түскен емес. Мемлекет басшысының білім саласын дамыту туралы бағытында берген тапсырмасы бүгінде Шымкент қаласында ойдағыдай жүзеге асырылуда. Түрлі семинарлар, арнайы әдістемелік сабақтар мұның бәрі де мұғалімдер үшін арнайы өткізілуде.
Мұғалімнің кәсіби деңгейін жоғарылату, оқушыларды зерттеу барысындағы үздік педагогикалық тәсілдер мен тәжірибе алмасуды мақсат еткен семинар екі бағытта жүргізілді.
Іс-шара барысы жаратылыстану-математикалық бағытта А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында, №80 IT мектеп-лицейінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық «Педагогикалық идея» конкурсына қатысқан 17 пән мұғалімі сабақтағы тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл іс-шараға қатысушылар оқу мен оқыту сапасын көтеруге мүмкіндік беретін тиімді әдістермен танысып, өз тәжірибелерінде қолдануға мүмкіндік алды. Визуалды және ауызша түрдегі негізгі ақпараттар ұстаздардың тәуелсіз ойлануына және ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізді.
Алдағы уақытта «Мобильді мұғалім» жобасы аясында жоспарлы іс-шаралар жалғасын таба беретін болады.