Полицейлер сервистік модель қағидатына сәйкес келуі қажет

46

Шымкент қаласында құқықтық саясаттың іске асырылу барысы, қылмысқа қарсы күрес шаралары ұдайы бақылауда. Бұдан бөлек, тәртіп сақшыларымен арнай ысеминарлар, іс-шаралар өткізіліп тұрады.  Күні кеше Департамент бастығы Тұран ауданы Полиция басқармасының жеке құрамымен кездесті Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков Тұран ауданы Полиция басқармасының басшылығы және жеке құрамымен кездесу өткізді.

Кезекті жиында полиция генерал-майоры Integrity check, яғни полиция қызметкерлері арасында жүргізіліп жатқан парасаттылықты тексеру туралы баяндады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын бекіткен болатын. Оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында 2023 жылы құқық қорғау және сот органдарында парасаттылықты тексеру, яғни Integrity check енгізу тетігін әзірлеу көзделген. 11 қаңтарда ІІМ алқасында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ішкі істер органдарының қызметкерлерін парасаттылыққа тексерудің пилоттық жобасының іске қосылғанын хабарлады.
Жоба аясында, ең алдымен, күн сайын халықпен тығыз байланыста жүретін бөлім қызметкерлері, яғни патрульдік, ювеналды, көші-қон полициясы және учаскелік полиция инспекторлары сияқты қызметкерлер тексеріледі. Ең әуелі, қайырымдылықты, азаматтармен қарым-қатынастың әдептілігін және қызметкерлердің олардың өтініштеріне жедел жауап беруін тексеруге баса назар аударылады. Бұдан басқа, қызметкердің сыртқы түрі, материалдық-техникалық жарақтандыру, қызметтік планшеттерді, бейнетіркегіштерді, жетондарды, автокөліктерді және т.б. дұрыс пайдалану бағаланады.
Сонымен қатар, Қайрат Сұлтанбайұлы полицейлердің сервистік модель қағидатына сәйкес келу қажеттігін ерекше атап өтіп, дөрекілік пен заңсыз әрекеттерге жол бермеу туралы ескертті.