Қоғамдық көмекшілерге куәліктер табысталды

15

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» ҚР Заңына және «қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібі, нысандары мен түрлері туралы ережені бекіту туралы» ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес Түркістан облысында тәртіп сақшыларына көмекке қоғамдық көмекшілер белсенді түрде тартылады.

Мәселен, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және Ордабасы ауданында орналасқан мектептердің жанында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәслихаттың бюджеттік және тұрақты комиссияларының отырысында 2022 жылдың қыркүйегінен бастап 24 қоғамдық көмекшіні тартуға қаражат бөлу қаралды.
Осыған байланысты Ордабасы АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі Ғалымжан Қуашбаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолдан келгенше көмек көрсететін 24 азаматқа «полицияның қоғамдық көмекшісі» куәлігін салтанатты түрде табыс етті.
Ауданның бас полицейі атап өткендей, қоғамдық көмекшілер құқықтық тәртіпті қорғауға елеулі үлес қосып, полицейлермен бірге құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына қатысады.