«Сапалы білім» жобасы нәтижелі жұмыстардың бастауы

50

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталығы «Сапалы білім» жобасы аясында 2023 жылдың 12 сәуірінде №131 ЖОББМ базасында «Білім алушылардың білім сапасын арттыруда жаңа мазмұнды сабақтарды жоспарлаудың ерекшеліктері» тақырыбында тәжірибелік семинары ұйымдастырылды.

Семинарға математика пәні әдіскері Алтынай Кисабекова, жетекші және тірек мектептердің (№72,59,115,132,85,58,55,133,127) әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагогтері қатысты.
Семинардың мақсаты, міндеті туралы мектеп директоры Г.С.Жарасова таныстырып, педагогтердің біліктілігін арттыра отырып, ой-өрісі кең, білімге құштар, өз елінің дамуына үлес қосуға тың идеяларды жүзеге асыра алатын зиятткер түлектерді дайындауда атқарылып жүрген жұмыстарының нәтижесі туралы баяндама жасады.
Әдіскер Алтынай Кисабекова жаңа форматты сабақ балаларды оқыту процесіне балаларды белсенді тартуды, олардың талқылауларға қаысуын, өткен материалды талдау және қорытуын, зерттеу жүргізуін, бағалау пікірлерін айтуын көздейтінін айта отырып, оқушыны қолдауға бағытталған мұғалімнің әрекеттерін түзеуге мүмкіндік беретін кері байланыс болу керек екендігін нақтылап өтті.
Семинар барысында пән мұғалімдері Г.Б.Бексейтова, Д.Ж.Құралбекова, А.Н.Асилбекова, А.Г.Шайхыбекова, А.А.Есиркепова, М.Р.Ирисметова, У.И.Курманбаева, Н.С.Арышбекова, Л.О.Алимбетова жаңа мазмұнды сабақтарды жоспарлаудың ерекшеліктерін назарға ала отырып, сабақты шебер ұйымдастырудың, оқытуда әдіс-тәсілдерді тиімді қолданудың, сабақтағы оқушылардың іс-әрекетін зерттеудің жолдарын көрсете отырып, қатысушы педагогтерге үздік тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында әдіскер, қатысушы педагогтер сабақтарға анализ жасап, кері байланыс орнатылып, қатысушы педагогтер керемет әсер алғандарын жеткізді, семинар жоғары дәрежеде өткені туралы пікірлерін білдірді. Оқушылардың білім сапасын арттыру жұмыстары бұл білім беру мекемесінде жүйелі түрде жолға қойылғаны және семинардың өз дәрежесінде керемет өтілгені туралы әдіскер ерекше атап өтті.
Тірек мектептердің әдістеме жөніндегі орынбасарлары жұмыс жоспарына шолу жасап, өзекті болып жатқан мәселелерге тоқталды.