Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтері, қалаға инвестиция тарту, қоғамдық көлікпен тасымалдау тарифі және қаланың бюджетіне қатысты мәселелер талқыланды.
Қоғамдық кеңестің күн тәртібіне енгізілген алғашқы мәселе табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтері. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен былтыр барлығы 127 өтінім, 85 есеп қаралыпты.Талдау қорытындысы бойынша Субъектілерімен тарифтік сметаларды орындалмауына байланысты монополистердің 37-қызметіне жалпы соммасы — 640,635 млн.тенгеге уақытша өтемдік тариф енгізілді. Тарифтің төмендеуі 0,66 % — 83,76% дейін құрады, олар бір жылдың ішінде қайтарылатын болады.
2021-2022 жылдардағы жылу маусымында ауа райы Шымкентте жылы болғандықтан және департамент тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұтынушыларға 23,5 млн теңге қайтарылды . 2022-2023 жылдардағы жылу маусымы бойынша мәселе қаралуда.
Дархан Қайынбердиев, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент ққаласы бойынша департаментінің басшысы: «Сотта қаралуда. Егерде 2018 жылы жылудың бағасы 1 шаршы метрге 142,3 теңге болған, атқарылған жұмыстың арқасында қазіргі таңда жылудың бағасы 120 теңгеге дейін төмендетілді (-16%); Қала әкімдігі тарапынан «Қуатжылуорталық-3″ мекемесіне субсидия берілген….. Сотты жеңіп жатсақ тариф 1м2 қосымша 70 теңгеге төмендейтін болады».
Жиында, биылғы қыста табиғи газдың қысымы төмен болғанына шағым көп болды. Тұтынылған көгілдір отынның бағасы қайта есептелмейді ме деген сұрақ та қойылды.
Сұлтан Омаров, газ шаруашылығы мекемесіндегі маркетинг бөлімінің бастығы: «Жоқ, есептелмейді, өйткені газ есептегіш құрылғысында сіздің тұтынған көгілдір отыныныздың көлемі көрсетілген. Ал газ қысымына қатысты тасымалдаушыларға «предприсание» бердік».
Департаментпен тек газды тасымалдау қызметі реттеледі, 2018 жылдаң бері атқарылған жұмыс арқасында тасымалдау тарифтері 9028 теңгеден 5173,85 теңгеге дейін төмендетілгенін басшы алға тартты. Бұдан бөлек, 2018 жылы су мен кәріздің бағасы 1 м3 — 137 теңге болған болса, атқарылған жұмыстың арқасында қазіргі таңда бағасы 135,5 теңге. 2024 жылы 122 теңгеге дейін қосымша төмендетіледі деген жоспар бар.