Шымкент әкімі «Халық қатысатын бюджет» жобасының тиімділігін түсіндірді

45

Балалар ойын алаңшасын салу үшін тұрғындардың дауысы маңызды. Яғни, қала әкімдігі өздігінен алаң сала алмайды. Қай елдімекен халқы көп дауыс жинаса, әкімдік бюджеттен қаражат бөліп, тұрғындардың талабын орындайды.

Бұл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асып жатыр. Қазірдің өзінде Шымкентте аталған жоба үшін 6 млн. теңге қаражат бөлінген. Мегаполис әкімі Мұрат Әйтеновтің сөзінше, әлі де бұл мүмкіндіктен хабарсыз азаматтар бар. Сондықтан, түсіндірме жұмысын күшейту қажет.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Әр тұрғындармен кездескенде «неге ана аулаға саласыздар, бізге жоқ» деп ренжиді. Ойын алаңдарын салу үшін тұрғындар «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысып, дауыс беруі керек. Қай елдімекенде дауыс көп, ойын алаңшасы сол жаққа салынады. Бұл халық үшін өте маңызды жоба. Қазір көбі белсенді қатысып келеді».