Шымкенттік дәрігерлер 10 жасар балаға 19 рет ота жасады. Қазіргі таңда оның жағдайы жақсарып келеді. Алты айға жуық уақыттан бері ауруханада жатқан бала темір жолда ойнап жүріп, электр сымдарына оңбай күйіп қалған.
Оқыс жағдай 2022 жылдың 9 қараша күні қаладағы темір жол маңында болған. Сол күні аураханаға ауыр халде жеткізілген науқасқа дәрігерлер бүгінге дейін 13 тері алмастыру және 6 некрэктомия отасын жасаған. Денесін толықтай күйік шалған оқушы 3 айға жуық жансақтау бөлімінде жатып, палатаға ауыстырылған.
«Науқас қалалық клиникалық балалар ауруханасына аса ауыр халде түскен. Денесінің 65 пайызын күйік шалған. Алған жарақатына байланысты ем алу барысында жағдайы жақсарумен 12 этапты және 3 этапты операция жасалды»,- деді Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының комбустиолог дәрігері Нұрпейіс Шырынбекұлы.
Зардап шекен бала қазір ауруханада ем қабылдауда. Білікті дәрігерлер науқастың сауығып кетуі үшін барынша ем жасап, оң нәтижеге қол жеткізуде.