Шымкентте автобус жүргізушілері 500-ден аса жол ережесін бұзған

40

Шымкентте 3 күннің ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері 568 жол ережесін бұзған. Ал жыл басынан бері автобустардың қатысумен 5 жол көлік апаты орын алды.

Оқиға орнында 5 тұрғын қаза тапса, 5 адам түрлі дене жарақатын алған. Сондықтан үшінші мегаполисте жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Сала мамандарының айтуынша қала көшесінде аялдамаға ерте жету үшін жарысқан қоғамдық көлік жүргізушелеріне хаттама толтырылды.

Ұлықбек Мылтықов, Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы: «18-21 сәуір аралығында «Автобус» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізуде. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен 568 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Автобус жүргізушілері күнделікті аялдамадан аялдамаға тез жету үшін асығып, қарсы бағытқа шығып кетіп көптеген жол ережесін бұзған. Сол бойынша 105 жағдай анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылды. Ал 4 автобус айып тұрағына қойылды»