Шымкентте аудан әкімінің орынбасары аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында жазды.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, антикор аудан әкімінің орынбасары мен әкімдіктің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы мегаполисті абаттандыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу келісім шартын орындау кезінде кәсіпкерден қамқорлығы үшін 60 млн теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінген.
Шымкент қаласы сотының санкциясымен әкім орынбасары 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.