Қыс мезгілінде уақытша тоқтатылған ауызсу бұрқақтары қайта қосылды. Әл-Фараби ауданы аумағында мұндай субұрқақтар 9 орында орналасқан:
Қонаев-Іляев қиылысы, Арбат демалыс саябағы, Түркістан көшесі №55, Әл-Фараби алаңы, «Моцарелло» мейрамханасының алды, «Чернобыль» гүлзары, «ОӘД» сауда үйінің алды, №8 мектептің алды, Тыныбаев №49.
Аптап ыстықта су бұрқақтарынан кез-келгеніміз шөл баса аламыз. Сондықтан да қала тұрғындары мен қонақтарынан ауызсу бұрқақтарын ластамай, тиісті санитарлық талаптарды сақтауы қажет.