Шымкентте көлік толығымен жанып кетті

75

Сәуірдің 5-і күні сағат 10:00 шамасында Исмаилов көшесінің бойында Nexia көлігі өртеніп кетті. Өрт тез таралып, бүкіл көлікті шарпыды, санаулы минуттарда жанып кетті.

Жалынның қатты болғаны сонша, ол жанып тұрған көліктің үстінде ілініп тұрған электр сымдарға тиіп кеткен. Өрт сөндірушілер келгенше көлік толығымен жанып кеткен. Олар өртті сөндіріп, кабельді токтан ажыратты. Автокөлікке газ жабдығы орнатылмаған.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттен келген шығынды «Тұран» ықшамауданының тергеушілері есептеп жатыр», – деді мамандандырылған жасақтың басшысы Нұрбек Тәукеев.