Шымкентте қоғамдық автобуста ер адам жас қыздың көзінше мастурбация жасаған

910

Шымкентте белгісіз ер адам автобус ішінде жас қыздың көзінше анайы әрекет жасаған. Оқиға бүгін, 14 сәуірде №52 бағыттағы қоғамдық көлік ішінде болған.

Қала тұрғынының айтуынша, мектеп жасындағы оқушы қызы сабақтан үйге қайтып бара жатқан. Автобустың соңғы орнына отырған. Сол кезде жасы 30-дар шамасындағы ер кісі қызға қарап, жыныс мүшесіне қолын жүгіртіп, мастурбация жасай бастапты. Қолындағы ұялы телефонға үңіліп отырған жасөспірім ер кісінің бұл әрекетін алғашында аңғармаған екен. Болған жайтты оқушы дереу анасына хабарлап үлгерген.  Жас қыз айналасындағылардан көмек сұраған да екен. Алайда әлгі жігіт тез арада автобустан түсіп үлгерген. Қала тұрғыны бұл оқиғадан кейін қызы әлі өзіне келе алмай отырғанын айтады.

«Бүгін күндізгі 11-лер шамасында қызым «Колос» жақтан Алаш базарына қарай жүретін  №52 бағыттағы автобусқа мінген. Шошып кеткен қызым дереу маған хабарлады. «Әрі қарай не болды?» деп сұрағанымда көре сала айқайладым деді. Оны ести сала әргі еркек қызымның киімін ластап үлгеріп, жүгіріп автобустан шығып кетіпті. Мені ызаландырғаны — үлкен автобустың ішінде кішкентай ғана қызыма ешкім көмекке келмегені. Тек бір әйел келіп, киімін сүртуге сулы майлық беріпті. Қазір қызым психикалық шок жағдайында отыр»,-деді оқушының анасы.

Оқушының анасы болған оқиғаға байланысты әлі полицияға арыз жазып үлгермегенін айтты. Бірақ міндетті түрде шағым түсіруге бекініп отыр.