Шымкентте шетелдік көліктерді заңдастыру уақытша тоқтатылды

29

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру рәсіміне құжаттарды қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көлік құралдарын тіркеу ақпараттық жүйесінің Қазақстан бойынша дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетелдік автокөліктерді заңдастыруға құжаттарды қабылдау уақытша тоқтатылғанын хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

Жауапты қызметтер жүйе өнімділігін қалпына келтіру бойынша жұмыс істеуде. Арнайы ХҚО-да қабылдауды қалпына келтіру туралы кейінірек хабарланады.