Шымкенттік құтқарушылар газға уланған отбасыға көмек көрсетті

136

 «112» жедел-құтқару қызметіне жақындарынан Ә. Жангелдин көшесіндегі үйдің пәтерлерінің бірінде туыстары есікті ашпай жатқаны туралы хабарлама түскен. Жедел-құтқару жасағы оқиға орнына барып, арнайы құралдардың көмегімен есікті ашты.

Пәтерден алты адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың қатарында 36 жастағы әйел, 2005 және 2003 жылы туған жасөспірімдер және 2011,13,15 жылы туған балалар бар. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккендерді жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Улану себептері анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Дер кезінде бірінен соң біріне көмек көрсетілді, барлығы көрпемен, қышқыл сүтпен көмектесті. Бәріне рахмет, барлығы ауруханаға жатқызылып, оларға уақытылы көмек көрсетілді», – дейді көршілері.

Олжас Айдарбек