Қала аумағында инфрақұрылым не болмаса, қандай да нысандар бойынша, құрылыс бойынша мәлімет қажет болса, Геоақпараттық порталға кіресіз.
Бұл тиімді әрі ыңғайлы жоба жайлы, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының м.у.о. Нұрбол Жүнісбековтің баяндамасын назарларыңызға ұсынамыз.
«Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы бастауымен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес Шымкент қаласы бойынша сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде атқару, және өңір бойынша картографиялық ақпараттарды цифрландыру мақсатында өңірлік геоақпараттық жүйесі (ӨГАЖ) әзірленді.
ӨГАЖ жүйесі тәжірибелік пайданалуға 2021 жылдың желтоқсан айында берілді.
Жүйе 2023 жылдың 20 қаңтарында Ақпараттық Қауіпсіздік Комитеті (АҚК) тарапынан ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне байланысты сынақтан сәтті өткендігі туралы АҚК сынақ актісін алды.
Қазіргі уақытта Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ақпараттық Қауіпсіздік Комитеті өкілдерімен өндірістік пайдалануға беру наурыз айының 27 жұлдызында алынды.
Сонымен қатар, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары мемлекеттік қызметтерін толыққанды Жүйеде атқару үшін Бірыңғай Мемлекеттік Жылжымайтын мүлік кадастры (БМЖМК) жүйесімен және басқа да мемлекеттік ақпараттық жүйелерімен интеграциялау шаралары атқарылуда.
Келесі кезеңде Шымкент қаласы бойынша «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» және «Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) арқылы мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметтерін жаңа Заң талаптарына сай электронды форматқа көшіріп, ӨГАЖ жүйесіне атқару үшін жергілікті табиғи монополиялар субъектілерімен (ТМС) әрекеттесіп, бизнес- процестерді автоматтандыру шаралары жоспарлануда. Осыған байланысты Шымкент қаласының ТМС өкілдерімен, атап айтқанда ҚазТрансГаз Аймақ АҚ, Қуат Жылу Орталық,Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС мекемелерімен кездесулер өткізіліп, бизнес-процестер нақтыланды. Қазіргі таңда Шымкент қаласының Су құбыры және канализация басқармасы, Су ресурс Маркетинг ЖШС мекемелерімен бизнес процестерін зерттеу шаралары жүргізілуде.
Шымкент қаласының құрылыс салынған аумағының көлемі 57.700 га құрайды. Оның ішінде Шымкент қаласының аумағына инженерлік желілер бойынша атрибуттық деректерді нақтылау жұмыстарының көрсеткіші 93,6% құрайды. Дайындық бойынша материалдар ҚР ИИДМ-не жолданған. Бұл жұмыстарды аяқтау мамыр айының аяғына жоспарланған.
ӨГАЖ жүйесінің кезекті картасында жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған жұмыстық және негізгі қабаттар қарастырылған. Бұл қабаттарда Шымкент қаласындағы бос жер учаскелері бойынша, жер-сауда саттығы, инженерлік желілерді қамтамасыз ету, көркейту, автомобиль жолдары, заңсыз құрылыс туралы және тағы басқа керекті ақпараттар енгізіліп, мәліметтерді уақытылы жаңартып, толықтырып отыру тиісті басқармаларға тапсырылды.
Жүйені іске қосып, мемлекеттік қызметтерді электронды форматта атқару нәтижесінде қағазбастылықты, сыбайлас жемқорлықтың болу ықтималдығын азайту және де қаланың табиғи монополиялар субъектілері мен жергілікті мемлекеттік органдар арасындағы құжат алмасу жұмыстарын жеңілдету көзделіп отыр.