Студенттердің стипендиясы өседі

35
Бұл жолы Шымкенттегі №6 колледждің (бұрынғы кәсіптік-техникалық лицей) студенттері Арыслан Оразбай, Руслан Амантаев және Анастасия Бессонова Алматыда өткен халықаралық «Алтын дастархан» фестивалінен жүлдемен оралды

Бірінші қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы өседі. Бұл туралы президенттің төрағалығымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында вице-премьер Алтай Көлгінов айтты. Айтуынша, жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің стипендиясы көтеріледі. «Бірінші қыркүйектен бастап 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы колледжерде 50 пайызға, университеттерде 20 пайызға артады», — деді Көлгінов.

Естеріңізге сала, кетейік, бүгін Астанада президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.