Бірінші қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы өседі. Бұл туралы президенттің төрағалығымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында вице-премьер Алтай Көлгінов айтты. Айтуынша, жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің стипендиясы көтеріледі. «Бірінші қыркүйектен бастап 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы колледжерде 50 пайызға, университеттерде 20 пайызға артады», — деді Көлгінов.
Естеріңізге сала, кетейік, бүгін Астанада президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.