Телемедицина арқылы кеңес берілді

59

Шымкент қаласында денсаулық саласындағы сапаны арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қаладағы түрлі медициналық мекеме басшылары бүгінде халық алдында есеп беруде.

Жуырда №2 қалалық ауруханасының бас дәрігердің медициналық қызметтердің сапасын қадағалау жөніндегі орынбасары Қонырбаева Қасиет Шайырбекқызы халық алдында есеп берді. Шараға Еңбекші аудан тұрғындары мен денсаулық сақтау басқармасының өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.
Есептік жиында Қасиет Шайырбекқызы ауруханада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, өзге нәтижелермен са­лыстырмалы түрде медициналық көмек бойынша жеткен жетістіктерге тоқталып өтті.
«Онкогематология Шымкент қаласы бойынша 10 төсек орыннан тұратын гематологиялық науқастарға көмек көрсететін бөлімше. Бөлімше меңгерушісі Б.Ш. Хайдуллаева 20 науқасха химиотерапия жүргізді. Былтыр аурухана базасында Қазақстандағы жетекші маман, жоғары санатты нейрохирург Мыңжылқы Сайлауұлы Бердіхожаев пен бас дәрігер Асқар Мұратұлы Рахматалиевтің қатысуымен шеберлік сабағы өтті. Операцияға нейрореанимация меңгерушісі Мұстафаев Ерлан Алдабергенұлы және нейрохирург Сапақов Сапарғали Бейсенбекұлы қатысты. Былтыр жылдың қыркүйек айында ауруханада науқасқа қалқанша маңы безінің артерияларын эмболизациялау операциясы жасалды. Былтырғы жылдың маусым айында РФ Уфа қаласының мамандарымен бірге шеберлік сабағы өтті. Үлкен көлемді миомалар, эндометриоздар кезінде операциялардың барлық түрлері жүргізілді, сондай-ақ әйелдер жыныс мүшелерінің әртүрлі дәрежелі пролапстары кезінде реконструктивті-пластикалық операциялар жүргізілді. Сонымен қатар, гинекология бөліміне алғаш рет зәр ұстамау кезінде TVT-O эндопротезін орнату отасы жасалды. Жыл бойында 100 — ден астам науқастарға, жүкті, босанушы және босанғаннан кейігі кезеңдегі әйелдерге «телемедицина» ұйымдастырылып кеңестер алынды. Сондай-ақ №2 қалалық ауруханада ДСБ бас штаттан тыс 13 мамандар Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша кеңес және медициналық қызмет көрсетеді» -деді халықпен кездесуде Қасиет Шайырбекқызы.