Түркия бензин мен дизелі ең қымбат елдердің бірі саналады. Соңғы жылдағы әлемдегі геосаяси және экономикалық дағдарыстар бұл елдің нарығына қатты әсер етті.
Түркия әлемдегі жанармай қымбат елдер санатына жатады. Қазір бұл елде бензиннің орташа бағасы 20-21 лира, яғни, 450-500 теңге көлемінде, ал дизель отыны шамалы қымбат 600 теңге шамасында. Жанар-жағармай бағасы соңғы бір жылда шамамен 20 пайызға көтерілді. Бұған ең алдымен әлемдегі мұнай бағасының өсуі және Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс себеп болып отыр.
Жалпы Түркия күн сайын 60 мың тонна жанар-жағармай тұтынады. Алайда соның тек сегіз пайызы ғана ішкі өнім. Қалғаны сырттан тасымалданады. Түркияға мұнай экспорттайтын ең ірі үш ел Ирак, Ресей және Қазақстан. Соңғы жылдары Түркия жерінде бірнеше мұнай қоры табылды. Қазір сол кен орындарында мұнай өндірісі қарқын алып жатыр.
Мамандар алдағы бес жылда ішкі нарықтың кемінде елу пайызы отандық жанар-жағармай болады деген болжам жасайды. Сол кезде баға да түседі деген уәж айтады,- экономистер.