Түркістан облысы мен Қырғызстан қолөнершілері арасында меморандум жасалды.
«Turkistan Qol Oner Одағы» қоғамдық бірлестігінен құрылған делегация Қырғыз Республикасына арнайы іссапармен барып, «ART GROUP ZHARASHAT» ЖШС төрайымымен кездесті. Енді түркістандық бірлестік жас буынды қолөнерге баулып, оларға қолдау көрсету арқылы қазақ халқының мәдениетін әлемге танытуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, меморандум аясында тәжірибе алмасып, тың әдіс-тәсілдерді меңгеру де көзделген. Айта кетсек, «Turkistan Qol Oner Одағы» қоғамдық бірлестігі бір ай бұрын облыс орталығында құрылған еді. Негізгі мақсаты — жас шеберлерге қолдау көрсетіп, ұлттық қолөнерді дамыту.