Түркістан облысында интернет-алаяқтықпен 31 тұрғын ұсталды

62

Түркістан облысында интернет арқылы 56 қылмыс жасаған 31 адам ұсталды. Аталған жайтты “Киберқылмысқа қарсы күрес” тұрақты тобы анықтады.

Сезіктілер тұрғындарды алдап атынан онлайн несие алып келген. Жергілікті тұрғын белгісіз біреу көлігіне мініп, өзінің атынан банктен 1 млн 600 мың теңге несие алғанын айтып арызданған. Жедел іздестіру барысында күдікті Сарыағаш ауданының жұмыссыз тұрғыны екенін белгілі болды.

Ол көлік жүргізушілеріне барып, өзінің туысы ақша жіберетінін, ал оны банкоматтан шығарып беруін сұраған. Осылайша өз айласын асырып, 6 тұрғынды 6 млн теңге шығынға батырған.

Ермек Шәкім, Түркістан облысы ПД-нің аға жедел уәкілі: «Департамент бастығының тапсырмасымен құрылған топ интернет-алаяқтық қылмысымен айналысқан жалпы 31 тұрғынды ұстап, олардың 56 дерек интернет-алаяқтық қылмысына қатысы барын дәлелдеген. Мәселен, бұл топтың жедел уәкілдері облыстың бірнеше тұрғынын алдап, олардың атынан онлайн несие алған жас жігітті ұстады. Нақтырақ айтсақ, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол көлігіне жолаушы болып отырған жас жігіт әңгімеге тартып, сеніміне кіріп, телефонын сұрап алып, ондағы банк қосымшасын пайдаланып, несие рәсімдеп жіберген. Қазіргі таңда күдіктінің ісі айыптау актісімен сотқа жолданды»