Түркістан облысында 10-сәуірден бастап атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар, құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындарда заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акция өткізілуде.
Мәселен акцияның 8 тәулігінде Түркістан облысының тәртіп сақшыларына 36 тұрғын келіп, өз еріктерімен 49 дана отты атыс қару тапсырған. Оның ішінде 43-і тегіс ұңғылы аңшы мылтығы болса, алтауы ойық кіші калибрлі мылтық пен 700-ден астам түрлі оқтар.
Қазіргі уақытта мылтықтар сараптамаға жіберілді, нәтижесінде азаматқа ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады.
ТО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков: «Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін мемлекет қарудың әрқайсысы үшін тиісті төлемін жасайды. Бүгінгі таңда өз еріктерімен қаруларын полицейлерге тапсыратындар саны артып келеді.
Сондай-ақ тұрғындарға ескертеміз, қаруды заңсыз сақтағаны үшін кез-келген азамат заң аясында жауапкершілікке тартылады. Сондықтан қару сақтаудың, оны пайдаланудың жауапкершілігін сезініп, өз еріктеріңізбен тапсырсаңыздар жауапкершілікке тартылмайсыздар» — деп атап өтті.