Ұялы телефон пайдаланып көлік басқарған 3 мыңнан аса жүргізуші жауапқа тартылды

136

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Кезекті іс-шараның қорытындысы бойынша ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен үш ай ішінде жол үстінде ұялы телефон пайдаланып көлік басқарған 3129 жүргізуші жауапқа тартылды.
Нәтижесінде, автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Жол үстінде ұялы телефон пайдаланып көлік басқарған жүргізушілер 5 АЕК (бес айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы ескертілді.
Осындай рейдтік шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, алдын алуға септігін тигізеді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалыс ережелерін сақтауға, адам өмірі мен денсаулығын жоғалтқандарды еске алуға шақырады.