«Үздік педагог» байқауының шарттарына өзгеріс енгізілді

393

Республикалық «Үздік педагог» байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады. Оқу-ағарту министрлігі «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына өзгерістер енгізіп, аталған байқауға жекеменшік мектеп педагогтерін де қатыстыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, 25 қазан – Республика күні және 5 қазан – Мұғалім күні болып бекітілуіне байланысты «Үздік педагог» байқауын өткізу мерзімі де өзгеріске ұшырайды. Ал, байқаудың бірінші кезеңінен екіншісіне өтетін мұғалімдер саны 5-тен 10-ға артпақ. Сондай-ақ үміткер бірінші сынақта 100 балдың кемінде 80 балын жинауы тиіс.