Сақ болыңызда, жалған ақша! Бұл, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі және оның аумақтық депарматенттерінің көлеңкелі экономикамен күрестегі басым бағыттарының бірі.
ҚР Ұлттық банкінің жалған банкноттары мен монеталарын сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, шетел валютасын немесе ондағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтаумен айналысқандарға ҚР қылмыстық кодекстің 231 бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.
Заң бұзушы, жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесіне қарай, мүлкі тәркіленіп немесе 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Камилхан Исмаилов, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы: «Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2022 жылғы Э. деген азаматқа қатысты жалған 9300 АҚШ долларын өткізу бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа жолданды. Айтулы азамат 10 жылға бас бостандығынан айрылды».
Осы бағытта жұмысты жандандыру мақсатында Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және Ұлттық банктің Шымкент филиалы арасында меморандум түзіліп, қазрігі таңда жұмыстар жүргізілуде.