Бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Асылов Қуаныш Жұмабекұлы Мәдениет басқармасына қарасты Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы, Абай атындағы Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі, А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы, Жасөспірімдер кітапханасы, Орталықтандырылған балалалар кітапханалар жүйесі, Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы басшыларымен арнайы кездесіп, мәселер талқылады.
Кездесуде қалың оқырманға рухани азық беріп, қала жұртшылығына қызмет жасап тұрған киелі кітапхананың бүгінгі жағдайы, ертеңгі жоспары ашық айтылды, тыңдалды, тапсырмалар берілді.
Нақтырақ айтсақ тұлғалар есімі берілген үлкен кітапханаларда ауқымды іс-шараларды жиі ұйымдастыру, жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруда жұмыстар жүргізу.
Естеріңізге салсақ мемлекет басшысы 2021 жылды «Балалар әдебиеті» жылы деп жариялап, кітапханалар жұмысын ұйымдастыруға жаңаша көзқараспен қарау қажеттігін, электронды форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан жоғалмайтынын жеткізген болатын.
Осының негізінде қазіргі таңда қалада 13 кітапхана жаңғыртудан өтіп, оларға жаңа тыныс берілді. Бүгінде заманауи үлгіде, оқырмандарға ыстық ықыласпен қызмет көрсетуде.
Жастарды кітап оқуға қызықтыру бағытында аталған кітапханаларда түрлі кездесулер, іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Дидар ғанибет мұндай кездесулердің оқырманға берері көп.
Әсіресе кітап оқуға өте ыңғайлы етіп орналастырылған оқырман бұрыштары өте жайлы. Арнайы жұмсақ орындықтар, өзгеше интерьер кез-келген оқырманға ұнары хақ.
Ал кітапханалар қоры жыл жылжыған сайын заманауи кітаптармен толықтырылуда. Мұнда келушілердің барлығы талғамына сай кітаптарды таба алады.