«Адам капиталын дамытуға қатысты мәселе – Денсаулық сақтау жүйесінің тиімді болуы. Еліміздегі медицина инфрақұрылымын жақсарту қажет. Оның жай-күйіне қатысты түйткілдер аз емес. Мемлекет соның бәрін біртіндеп шешіп жатыр.
«Денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауыл-аймақта 600-ден астам нысан салу жоспарланған. Жұмыстың бәрі уақтылы әрі сапалы жасалуы керек. Бұл – өте маңызды» — деген болатын Мемлекет басшысы.
Бүгінде медициналық мекемелерге барынша жағдай жасалуда. Жоғары технологиялы құрал жабдықтармен жабдықталған ауруханаларға сапалы оталар жасалуда.
Шымкент қаласындағы «Жүрек» орталығында жылдан жылға жоғары технологиялық оталар саны артуда. Былтыр емдеу орталығында 555 науқастың жүрегіне ашық түрде ота жасалған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 100 адамға артық.
Сондай-ақ былтыр тамыз айында кардиология бағыты бойынша медициналық ұйымда ахуалдық орталық ашылған.
Орталық кардиология саласындағы мамандандырылған қызметтердің жұмысына жедел мониторинг жүргізіп, емдеу жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік берді.
Бұл бағытта 44 амбулатория мен 3 ауруханада кардиологиялық кабинеттер ашылды.
Осыған дейін мұнда созылмалы жүрек аурына шалдыққан 8 науқасқа LVAC аппаратын орнату операциясы жасалған. Бұрын мұндай опрерациялар Астана қаласында жасалатын.
Дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында аталмыш орталықта түрлі семинарлар, шеберлік сағаттары өткізіліп тұрады. Жуырда ғана жүрек орталығында Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы Басқарма төрағасының орынбасары, дәрігер-кардиохирург Е.М.Қуатбаев мықты косметикалық әсері бар және пациенттерді емдеуге жатқызу кезеңін азайтатын митральды қақпақшаға (MICS) миниинвазивті торакоскопиялық операциялар бойынша шеберлік сыныбын өткізді.
TAVI деген атпен белгілі эндоваскулярлық әдіспен аорта қақпағын орнату бойынша кезекті шеберлік сабағы өтті.