1 шілдеден бастап әлеуметтік төлем мөлшері артады

169

1 шілдеден бастап әлеуметтік төлемдер өседі. Министрлер кабинетінің мәліметінше президенттің тапсырмасын орындау аясында еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін төлемдердің мөлшері 14,5%-ға ұлғайтылады. Премьер-министр тиісті қаулыға қол қойды.

Айта кетейік, еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдермен 92 мыңға жуық адам, ал асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін төлеммен 61 мың отбасы қамтылады деп жоспарланып отыр. Жалпы әлеуметтік төлемдер сақтандыру қорынан төленеді.