Автокөлікті қайта тіркеу қызметін 5 млн-нан астам адам онлайн пайдаланған. Жалпы полиция қызметін цифрландыру мемлекет басшының Ішкі істер органдарына тапсырған басты міндеттерінің бірі. Қазір бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.
Бүгінге дейін смартфондағы онлайн қызметті 7 млнға жуық адам қолданған болса, оның 5,3 миллионы автокөлікті сатушылар мен сатып алушылар екен.
Яғни, Ішкі істер министрлігі “Kaspi”, “Halyk” және “Freedom” банктерінің мобильді қосымшаларында автокөліктерді онлайн-режимде қайта тіркеу сервисін іске қосып, азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік жасап отыр.