Шымкенттік құтқарушылар демалыс күндері12 рет шығу жасап, халыққа көмек көрсетті. Осындай жұмыстардың бірі Шымкент қаласындағы 8 шағынауданындағы Мамытов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында атқарылды.
Ойын алаңында кішкентай қыздың аяғы темір торға қысылып, шығара алмай жатқан туралы хабарлама 14 мамырда «112» құтқару қызметіне келіп түсті.
Құтқару бөлімшесінің мамандары оқиға орнына тез арада жетіп барып , гидравликалық құралмен темірторды керіп ,қыздың аяғын босатты. Медициналық көмек қажет болмаған қызды ата- анасына аман-есен тапсырды.