Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Азамат Абдураимов орыс сыныптарына арналған қазақ тілі республикалық гуманитарлық олимпиадалар сайысында III орын иеленді. Ол бұған дейін NIS-тің желілік жарыстарында жүлделі I,II орындара, республикалықта I орыннан бой көрсетіп жүр.
— Қазақ тілі ана тілім болмағанымен мен үшін өте жақын, себебі ұлтым өзбек бәріміз түркі тілдес халықпыз. Дегенмен олимпиада терең білімді қажет етеді сондықтан үнемі дайындық қажет, – деді Азамат Абдураимов.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бота Құлжаева оқушысының өте жауапты екенін ескеріп сайыстарда мектеп намысын қорғауға дайындайды. Азамат жаратылыстану бағытына жақын болғанына қарамастан келешекте гуманитарлық олимпиада жеңімпазы болуға дайындық жалғасады.