Әл-Фараби ауданында ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді

38

Әл-Фараби ауданының әкімі Ұлы Отан Соғысы және тыл ардагерлерін жеңіс күнімен құттықтады. Мерекеге орай қонақтарға дастархан жайылып, арнайы концерттік бағдарлама ұсынды.

Бұл жеңіс үшін аянып қалмаған ҰОС және тыл ардагерлері. Бүгін Әл-Фараби ауданында ардагерлерге құрмет көрсетілді. Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында аудан әкімдігі мерекелік дастархан жайып, қарияларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өнерпаздар ән мен биден шашу шашты.

Соғыс кезінде тыл ардагерлері немен айналысты? Мәселен, Михаил Сидоров бірнеше зауытта жұмыс істеп, жауынгерлердің киімін дайындап отырған. Жастайынан еңбекке араласқан ол сұрапыл соғысты қорқынышпен еске алады.

Михаил Сидоров, ҰОС тыл ардагері: «Өте қиын болды. Фабрикада, қолғап, шұлық, жалпы жылы киімдер тоқыдық. Майданда алысып жатқан жауынгерлерге киім жеткізіп беру біздің бірінші міндетіміз болды. Барлығымыз бір кісідей жұмылдық, бөлінбедік. Әрқашан бірге еңбек етіп, елімізді қорғадық. Жеңіс күні баршаға құтты болсын. Бұл ұлы мейрам».

Ұрпағының қамын ойлаған ардагерлерге ұлы жеңіс үшін мың рақмет. Қан майданда күрескен, елі үшін жас болса да еңбектенген жандар қашанда құрметке лайық.

Өкініштісі, уақыт өткен сайын арамыздағы майдангерлер қатары азайып барады. Бүгінде Шымкентте үш ҰОС арадгері, 2183 тыл адагері тұрады.