Ұ.Арғынбеков-Бәйдібек би көшесіндегі жолайырық құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

51

Ұ. Арғынбеков пен Бәйдібек би көшесіндегі жолайырық уақытша пайдалануға берілді. Жауаптылар осы арқылы қаладағы кептелісті азайтуды жоспарлап отыр. Транспорт басқармасы өкілдерінің сөзіне сүйенсек, жаңа нысан құрылысы жыл соңына дейін толық аяқталады. 

Ұ. Арғынбеков пен Бәйдібек би көшелерінің қиылысындағы жолайырық жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қазір онда сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал әзірге біткен бөлігінде қөлік қозғалысына рұқсат берілді.


Ал бұл кептеліссіз жолға қолы жеткен көлік жүргізушілерінің қуанышты дабылы. Ұ. Арғынбеков көшесі уақытша қолданысқа берілді. Автокөлік иелері енді діттеген жеріне жету үшін айналма жолдар арқылы жүріп уақытын кетірмейтінін айтады.

«Үйден жақын. Балалардың мектебі осы жерде. Өзім Қ.Қазиев көшесінде тұрамын. Мұнда 15 минутта жеттім. Бұрын БАМ-мен айналып жүретін едім. Үстін ашса тіпті керемет болатын еді».

«БАМ-мен жүретінбіз. Қазір әлдеқайда ыңғайлы болып қалды».

 «Кептеліс жоқ, бәрі жақсы болып жатыр. Мына С. Бәйтерековпен айналып келетін едік. Қазір кептеліс жоқ енді. Ыңғайлы» – дейді тұрғындар.

Айта кетейік, жаңа жолайырық құрылысы үшін 13 млрд. теңге жұмсалды. Ал нысан пайдалануға берілсе, Бәйдібек би көшесінде күніне 60 мың, Ұ.Арғынбеков көшесі арқылы 50 мың көлік еркін жүре алады. Транспорт басқармасы бұл жобада қателіктер болмайтынын жеткізді. Құрылыс жұмысы аяқталғанша жаяу жүргіншілер мен көліктерге барлық жағдай жасалады.

Мұхтар Қоқанбаев, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: «Үш деңгейлі жолайырықтың құрылысы бітуге жақын. Соның 1 кезеңін уақытша пайдалынуға беріп жатырмыз. Яғни Ұ.Арғынбеков көшесін. Бұл өз кезегінде Қ. Төлеметов көшесі мен Т.Рысқұлов көшесіндегі жүктемені азайтады. Қазір жұмыстың 70 пайзыы аяқталды»

Жоспар бойынша жолдың ені 80 метрді құрайды. Ал көше 4-6 жолақтан тұрады. Сонымен қатар, жол бойына жаяу жүргіншілер мен веложол төсеу көзделген.